14
желтоқсан
2022
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.
СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.
Спорт денсаулықты жақсартады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорт бүгінгі елімізде дамып келеді. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде мұғалімдер арасында "Тәуелсіздік-тірегім" тақырыбында дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс болды.
Ойынға "Лашын","Барыс",Жігер", "Айбын" командалары қатысты.Жарысқа қатысушы командалар арасында тартысты ойын болды.
Нәтижесінде "Барыс"командасы жеңімпаз атанып,кубокқа ие болды.
Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауда түрлі жарыстар,ойындар ұйымдастырып жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.