Тәуелсіздік күніне орай Мақтаарал ауданы мектеп оқушылары арасында "Тәуелсіздік-биік сенің айбының" тақырыбында өтетін сахналық қойылым байқауы болып өтті.
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мақтаарал ауданы мектеп оқушылары арасында "Тәуелсіздік-биік сенің айбының" тақырыбында өтетін сахналық қойылым байқауы болып өтті. Сонымен мектебіміздің 7сынып оқушылары жетекшілері: Г.Сүлейменова мен З.Калиеваның басшылығымен "Жаңа Қазақстанның жаңа жастары" атты сахналық қойылым көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Байқаудың мақсаты: - жасөспірімдерді қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткізген қиыншылықтарын, еркіндікті аңсаған азат ұлт зиялыларын мақтан тұтуға баулу.
-Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

