28
желтоқсан
2022
27-сі күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі өткізілді.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр, - деп, желтоқсанның 27-сі күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілік кейіпкерлері келер жыл басы қоян мен барыс балаларға барынша көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға арнап өз әндерін айтты. Аяз атаның сыйқырлауымен балалар жаңа жылдық сыйлықтарын алды. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз, - деген жақсы тілек айтылды.













