2022-2023 оқу жылындағы педагог-дефектологтың І жарты жылдықта атқарылған жұмысының есебі. » "№31 Береке" ЖББМ КММ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№31 Береке жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7 (702) 762-92-26
Есепші бөлімі:
+7 (702) 859-35-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы педагог-дефектологтың І жарты жылдықта атқарылған жұмысының есебі.
04
қаңтар
2023

2022-2023 оқу жылындағы педагог-дефектологтың І жарты жылдықта атқарылған жұмысының есебі.

№31 «Береке жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.






2022-2023 оқу жылындағы педагог-дефектологтың


             І жарты жылдықта  атқарылған жұмысының есебі.













Педагог – дефектолог:    Ж. Жорабекова
















Мақсаты: Оқушының жас ерекшілігіне, білім деңгейіне сәйкес                               танымдық әрекеттерін қалыптастыру.

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айының басында психологиялық- педагогикалық қолдау құрамы құрылып,оны  құру туралы бұйрықтың және ОПМПК-ның  шешімінің негізінде, дефектологтың түзете-дамыту сабағына   10 оқушы тізімге алынды.  Үйден оқытылатын оқушы саны 3, жеңіл ақыл ой кемістігі бар оқушы саны 3, сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша есте сақтау қабілеті төмен 4оқушы тізімге алынған болатын. Соңғы диагностика мамыр айында өткізіледі. Әрбір қабылданған оқушыға дефектологиялық ұсыныс жазылды. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушыға түзете-дамыту бағдарламасы жасалды. Соның ішінде оқушының негізгі әрекеті қай деңгейде екені көрсетілді. Топтарға бұзылысының құрылымы бірдей оқушылар алынды. Түзету сабақтары сабақтан тыс кезінде өткізіледі. Барлық бағытын жоспарлауға байланысты: диагностикалық, түзете-дамытушылық, ағартушылық-кеңес беру және құжаттарды тиянақты жасақтап, ретімен жүргізілу міндеттелген болатын.

Ерекше білімді қажет ететін 14 оқушы тізімге алынып, сабақ кестесі құрылып бекітілді.

Оқушының

аты-жөні

Сыныбы

Жынысы

Тобы

1

Уташ Ибрагим

1«Ә»

ұл

І

2

Асқар Заңғар

1«Ә»

қы

І

3

Сайлау Нұрғали

1 «А»

ұл

І

4

Басымбек Аружан

2 «А»

қыз

ІІ

5

Төребек Есенғали

2«А»

ұл

ІІ

6

Ануар Аділхан

2 «Ә»

ұл

ІІ

7

Жұмабек Айару

2« Ә»

қыз

ІІ

8

Құдайберген Гүлнур

3«А»

қыз

ІІ

9

Махмұт Ерасыл

3«А»

ұл

І

10

Есенхан Сымбат

3«А»

қыз

II

11

Құттыбай Асылхан

3«А»

ұл

І

12

Ауезхан Ұлан

3«А»

ұл

ІІ

13

Болат Әділет

3«Ә»

ұл

І

14

Орақ Мирас

3«Ә»

ұл

І


















І-топ оқу мен жазу машығы енді қалыптасқан оқушылар 

ІІ-топ оқу мен жазу динамикасы орта оқушылар 2022-2023 оқу жылының басында ерекше білімді қажет ететін оқушылардың ата-аналармен, сынып жетекшілерімен жылдық жұмыс жоспары  түзіліп бекітілді. Оқушыларға түзету жұмыстарына арналған  журналы жасалынып  толтырылып отырылды. Сынып жетекшілерінен сұраныс парағы, ата-аналарынан келісім-шарт, оқушының жеке дамуының психологиялық мінездемесі алынды. Балалардың жасын, даму деңгейін ескере отырып , топтық және жеке түзете-дамыту жұмыстары жүргізілді. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арнайы жеке және топтық  күнтізбелік- тақырыптық  жоспар жасалынып, сабақ кестесі құрылды.Ерекше білімді қажет ететін балаларға бір-бірімен қарым –қатынасындағы, тәртібіндегі қиыншылықтарды түзету жұмыстары арқылы қолдау жасалып, көмек көрсетілді.Мектепте тіркелген ерекше білімді қажет ететін балалардың пән мұғалімдеріне түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруға, сабақ өткізуге әдістемелік көмек көрсетіліп, кеңес берілді. Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылып, психологиялық-педагогикалық кеңес берілді.Арнайы сабаққа қатысып, жүрген оқушыларды ортаға тарту, оңашаламау мақсатында арнаулы жұмыстар: суреттердің айырмашылығын табу, тиісті түстерге бояу, оқу жылдамдығын анықтау, әріптерді тану және оқу дағдыларының меңгерілу деңгейі т.б. жұмыстар жүргізілді. Балалардың көңіл-күйін көтеру, логикалық ойлауын, ой-өрісін дамыту, қарым қатынастарын нығайту, ынтымақты болуға баулу мақсатында сабақтар өткіземін. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау, сол балалардың дамып-жетілуіне көмектесіп, жан-жақты қолдау жасай отырып, ішкі әлеуметтің қалыптасуына жағдай жасап және дамуына кедергі жасаушы ауытқуларды жеңуге көмектесудемін 1-4 сынып жетекшілерімен кездесіп, баланың тоқсан аралық демалысының  

      дұрыс өткізуіне, ата-аналарға балаларының мектепке деген қызығушылығын арттыруын, сөйлеу   мәдениетінің тәрбиесі   «ата-ана-бала», «ата-ана -мұғалімдер» -үштік одақ жұмысын іске асыру  жайында кеңестер берілді. Ата-аналарға түзету  жұмыстарын жасауына, балаларының қабілеттіліктерін  жеткізіп отыру. Оқытудағы, тәрбиедегі қиындықтарды біріге отыра шешу, баланың даму тежелісін алдын алуына ата-анаға кеңес беріліп, анықтамасын  жазды.

2022-2023оқу жылдың қазан айында түзету-дамыту жаттығуларын қолдана отырып, оқушының көңіл күйіне көңіл бөлу,өзін-өзі жақсы сезіну мақсатында   сергіту сәтін жүргізу. Түзету сабақтарында қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді.     Сабақ жүйелі түрде, әртүрлі көрнекіліктер қолдану арқылы,ойындар, жаттығулар арқылы жүргізілді. 




Оқушылардың ішінде үйде оқытылатын Джолдас Мерейдің сынып жетекшісінен сұраныс парағы мен ата-анасынан келісім –шарт алынып, оқушыға жеке түзету-дамыту жұмыстары, өмірге бейім болу үшін түстерді айыра білу, жыл мезгілдерін, оң мен солды, өз мекен-жайын, ата-анасының қайда жұмыс істейтінін, таза мен ласты айыра білу үйретілді. Суреттермен жұмыс, мозаика құрастыру, логикалық ойлауын дамыту, есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында,  оқушыларға «Артық затты тап», «Бөліктен суретті жина» т.б тапсырмалар беріліп отырды.




Сонымен қатар 6 оқушыға топтық  түзету-дамыту жұмыстары  жүргізілді.

Топтық түзету сабақтарының күнтізбелік- тақырыптық жоспары түзіліп,

қажетті көрнекі құралдар анықталып жасалынды. Ерекше білімді қажет ететін балаларға бір-бірімен қарым–қатынасындағы, тәртібіндегі қиыншылықтарды түзету жұмыстары арқылы қолдау жасалып, көмек көрсетілді. Мектепте тіркелген ерекше білімді қажет ететін балалардың пән мұғалімдеріне түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруға, сабақ өткізуге әдістемелік көмек көрсетіліп, кеңес берілді. 




 Қараша айында ата-анамен кездесу, ватсап желісі арқылы сауалнама жүргізілді.Ата-аналарға және сынып жетекшілерге  ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруде дефектологтың ролі, инклюзивті білім беру жүйесінің мақсатымен таныстырып, «Инклюзивті білім беру» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп, баяндама оқыдым.

 Желтоқсан айында І жарты жылдыққа  атқарылған жұмыстар туралы есеп құрастырылып,   ерекше білім беруді қажет ететін білім   алушыларға  І топ оқу мен жазу машығы қалыптаспаған оқушылар  мен ІІ топ оқу мен жазу динамикасы орта білім алушыларға динамикалық даму күнделігі  арналып,   І және ІІ тоқсанға балдық   мониторинг жасалынды.

Түзету сабақтарының нәтижесінде, әрбір тізімдегі оқушыда, оқу жылының басына  қарағанда біршама өзгерістер  бар.  Мәселен, берілген тапсырмаларды түсініп орындаулары, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыруы, байланыстырып сөйлеулері, зейіні, есте сақтау қабілеті біршама жақсарды.

Сонымен қатар сынып жетекшілермен бірлесе отырып тілінде кемістігі 23 оқушы анықталып , ол оқушыларды арнайы ПМПК  логапед мамандары келіп  тексеруден өткізіп қорытындысында 23 оқушының тілінде кемістігі бар екенін анықтап кетті.                    Осы 23 оқушымен келесі оқу жылында арнайы жеке жұмыстар мен сабақтар өткізуге ұсыныстар айтылды.






Қорыта келгенде, балаларға  «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден  балалардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

“Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді.

Сондықтан баланың дамуына ата-ана тарапынан берілетін көмек пен қолдауды, баланың оқыту жағдайын жақсарту басты болашақ жұмыстарымыздың бірі деп есептеймін. Біздің педагогтар тарапынан білікті көмек алуға жағдай жасаймыз.               Біз әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив