21
сәуір
2025
Бастауыш сыныптағы оқу мотивациясын арттырудың заманауи тәсілдері
“Бастауыш сыныптағы оқу мотивациясын арттырудың заманауи тәсілдері” тақырыбында мақала жарық көрді!
Білім беру саласындағы жаңашыл тәжірибелерді насихаттау мақсатында, «Бастауыш сыныптарда оқу мотивациясын арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Забира, халықаралық ғылыми-танымдық “Ыбырай ілімі” журналына мақала жариялады.
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының білім алуға деген қызығушылығын арттыру жолдары, интерактивті әдістер, ойын арқылы оқыту, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану сынды маңызды тәсілдер талқыланған. Сонымен қатар, мотивацияны қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі мен оқушының ішкі белсенділігін оятудың тиімді жолдары ұсынылған.
Бұл мақала білім беру тәжірибесіне жаңашыл серпін беріп, әріптестерге пайдалы әдістемелік көмек бола алады.





